ШҚО-да бір тәулікте 4 адам көмірқышқыл газдан қайтыс болды

0
25
ШҚО-да бір тәулікте 4 адам көмірқышқыл газдан қайтыс болды
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылындағы жекеменшік тұрғын үй өртеніп, төрт және үш жастағы екі сәби иіс тию салдарынан көз жұмған.

Жалын 32 шаршы метр аумаққа тараған, ас ішетін және жатын бөлмелерінің бөлмеаралық қабырғалары, төбесі мен еденінің ағаштары өртенген. Өрттің шығу салдары анықталу үстінде.

Бүгін Зырян қаласында иіс тию салдарынан тағы екі адам мерт болды. Жекеменшік тұрғын үйде болған өртті сөндіру кезінде ас ішетін бөлмеден 30 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел адамның мүрделері табылды.

Облыстық ТЖ департаментінен хабарлағандай, олардың өліміне де иіс тиіп уланулары себеп болған.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз