Назарбаев Астанадағы заманауи үлгідегі оңалту орталығын ашты

18
46
Назарбаев Астанадағы заманауи үлгідегі оңалту орталығын ашты
Нұрсұлтан Назарбаев президент істерін басқару медициналық орталығының ашылу салтанатына қатысты.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

«Бізге бүкіл Қазақстаннан, алыс және жақын шетелден келетін болады деп сенемін. Бізде осының өзінде бәрі бар», — деді  Назарбаев сәрсенбі күнгі салтанатта.

Ол тұрғындардың кәсіби емделуіне мемлекет барлық жағдайды жасап отырғанын баса айтты.

«Жақсы ғимарат жасадық, ең заманауи күшті құрылғы құрдық, мұндағы диагностика өте жақсы», — деп толықтырды президент.

Кешен Қазақстан үшін жаңа жоба бойынша құрылған: мұнда медициналық жәрдем көрсетудің барлық кезеңдері бар екеніне қарамастан, стационарлық және емханалық пациенттерге де көп көңіл бөлінген.

Бөлімшелер медициналық техника өндірісі саласындағы озық көшбасшылардың құрылғыларымен жабдықталған. Кешен құрамына бірегей диагностикалық блок және ядролық медицина бөлімшесі кіреді.

Ғимарат пен оның инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің мониторингі мен басқарылуы автоматтандырылған. Мекемеде жоғары білікті мамандар, соның ішінде медицина ғылымдарының 11 докторы мен 24 кандидаты жұмыс істейді.

Дәрігерлердің жартысынан астамы жоғары санатқа ие. Аталған кешен ресурсты үнемдеу технологиялар саласындағы соңғы инновациялық жасалымдарға сәйкес жарақталған.

Кешен құрамында ядролық медицина бөлімшесін қосқанда, бірегей диагностикалық блок бар. Кешен автоматтандырудың кешенді жүйесі есебінен «ақылды» ғимарат қағидаты бойынша қызмет етеді.

Ғимараттың тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі жүйелерін, оның барлық инфрақұрылымын мониторингілеу мен басқару автоматты түрде жүзеге асырылады.

По сообщению сайта Nur.kz

18 ПІКІРЛЕР

  1. Иә, шынында да елбасымыз керемет адам ғо, халқын жарылқап жүреді, әрқашан аман болсын!!!

  2. Бұл орталық еліміздің медицина саласын дамыту үшін өте маңызды. Елбасына алғыс айтамыз

  3. Еліміз үшін осындай заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген медицина орталығы қажет болатын. Енді көптеген науқастарды оңалтуға мүмкіндік бар

  4. Елбасымыз медицинаға қатты мәң береді,себебі қазыр керекті операцияларды шет елге бармайақ өзіміздің елімізде істей береді айтарым біз ол дәрежеге жеттік ол біздің жетісітгіміз.

  5. Ем алу біздің халқымызға қолайлы және мемлекеттең квота арқылы емделуге болатының айтып кетсек болады.

  6. Елбасының осындай қолдауының арқасында, медицина саласында әлемдік дейңгейдегі медициналардын қалыс қалып жатқанымыз жоқ.Он жыл бурынғы жағдайға қарағанда әлдеқайда жақсы.

  7. Мемлекет тарапынан бөлінетін квотаның арқасында жағдайы жоқ, асқынған ауруларымен емге мұқтаж адамдардың жеңілдік алып емделіп жатқанын көріп жүрміз.

  8. Астанадағы емханалардың европалық стандартқа сай, дәрігерлер қызметінің де жоғары деңгейде тұрғандығы бізді қуантады. Жалпы елімізді медицинаны дамытуды қолға алып жатқан елбасына рахмет.

  9. Қарапайым халыққа тиімді орталықтар қатары күн санап өсіп келеді елімізде, енді басқа да аймақтардан осындай орталықтардың ашылуын күтеміз.

  10. Халықтың қалауы табылып, тағы бір қуанышты хабарға құлағы төселді, осы қуаныштарымыз ұзағынан болсыншы.

  11. Барлық бөлімшелер медициналық техника өндірісі саласындағы озық көшбасшылардың құрылғыларымен жабдықталған екен, үлкен жетістік емеспе.

  12. Елбасымызға рахмет, қашанда халықпен бірге, елдің қамын жасап келеді, алда, болашақта да осылай арамызда жүре берсе екен, Аллам ғұмыр берсе екен.

  13. Амандық болса енді жақын шетелденде адамдар келіп емделе алады, осы арқылы еліміздің атағы тіптіде аспандай түспек.

  14. Қаншама жылдық еңбекпен тердің арқасында осындай үлкен жетістіктерге енді жеттік, ден сау болса барлығы болады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз