2017 жылдан бастап «Алматы-Қапшағай» тас жолында жүру ақылы болады

0
881
4
«Алматы-Қапшағай» тас жолы ақылы болады. Қалааралық маңызы бар жолды ақылы ету 2017 жылға жоспарланған.

Бұл туралы депутат Серікбай Нұрғисаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қалааралық маңызы бар жолды ақылы ету 2017 жылға жоспарланған.

Бұдан басқа, «Атырау — Астрахань», «Ақтөбе — Мақат» тас жолдары да ақылы болуы мүмкін. Әзірге транзиттік трассалардың құны бекітілмеген. Ақылы жолдардың құны сол өңірдегі халықтың жалақы көлеміне байланысты болмақ.

«Жалпы автожолдар мәселесінде халықтың төлемге қабілеттілігін де ескеру керек. Мәселен, бүгінгі таңда Көкшетау мен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа жалақы деңгейі мен батыс өңірлерінің еңбекақысын салыстыруға келмейді. Сонымен қатар, автожолдарға ақылы жүйені енгізгенде көліктер ағынына да қатысты болуы тиіс секілді», — деді депутат Серікбай Нұрғисаев.

Мәжіліс депутатының сөзінше, Ресейге баратын автожолдардың басым бөлігі транзиттік болып табылады. Сондықтан да жол құнын көтеру керек.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы ақылы жол алғаш рет 2013 жылы пайда болған. Ол Астана мен Шортандыны жалғайтын трасса.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз