Жарылқап Қалыбай халықтан көмек сұрап, хат жазды

19
70
Жарылқап Қалыбай халықтан көмек сұрап, хат жазды
Қазақстан президенттігіне үміткер журналист Жарылқап Қалыбай дауыс жинауға көмектесуді сұрап, халыққа хат жазды.

Бұл туралы abai.kz порталы жазады.

«Мен – «Жұлдыздар отбасы» мен «Аңыз адам» журналдарының бас редакторы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде тіркелдім. Ел ішінде ұлтыма, мемлекетіме қалай қызмет етсем деп жүрген ұлтжанды, мемлекетшіл, ойлы азаматтар өте көп», — деп жазады Қалыбай.

«Менің бұл сайлау додасына қатысудағы басты мақсатым – осы мүмкіндікті пайдаланып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін, сол ойлы азаматтардың бүгінгі қоғамдағы қордаланып қалған проблемаларға көзқарасы мен оны шешу жолдарын, болашақта Қазақстан қандай ел болуы керек екенін, келе жатқан дағдарысқа қалай қарсы тұрамыз, одан шығу жолдары қандай деген ұсыныс-пікірлерін билікке жеткізу. Сонымен қатар ұлт патриоттары мен ұлтшыл азаматтардың ұлт мүддесі үшін алдына қойған бағыт-бағдарламасын халыққа жеткізу», — деп жалғастырады ол хатында.

Менің бұл сайлау додасына қатысудағы басты мақсатым – қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін, сол ойлы азаматтардың бүгінгі қоғамдағы қордаланып қалған проблемаларға көзқарасы мен оны шешу жолдарынн билікке жеткізу.

Ол халыққа уақыттың тым тығыз екенін ескертеді.

«Бұл мақсатымды жүзеге асыру үшін 23 наурызға дейін Қазақстан Республикасы аумағындағы сайлаушылардың 93 мың қолын жинау қажет болып тұр. Сол үшін әр облыстың, ауданның, ауылдың ұлтжанды азаматтары осы шараға бір кісідей атсалысуларын сұраймын. Уақыт өте тығыз. Егер маған қолдау көрсеткіңіз келсе немесе менің сенімді өкілім болуға ниет етсеңіз, тез арада хабарласуыңызды өтінемін», — деп аяқтады кандидат Жарылқап Қалыбай.

По сообщению сайта Nur.kz

19 ПІКІРЛЕР

  1. қаншама кандидат, қаншама сөз беру. халық дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын

  2. Халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу үшін президенттікке емес депутаттыққа сайлану керек қой.

  3. Бұл кісі хат жазып, қол жинау турала өтініштерін интернет желісі арқылы жариялап отыр! Көрейік нәтижесі қалай болар!

  4. Әркім халықтың мұң мұқтажын айту үшін президенттік сайлауға қатысуы керек пе сонда?

  5. Жарылқап ағамыз елді жарылқай алар ма екен, әй қайдам, Елбасының саясатына жету қайда…

  6. Президенттікке үміткер ретінде Жарылқап ағамыз елден көмек сұрағанша, елге көмек беру керек сияқты.

  7. Елдің азаматы ретінде Жарылқап ағамыздың осы өтінішіне бей-жай қарамайтын адамдар да табылып қалатын шығар.

  8. Егер қазір өзіңді жарылқай алмасаң, алдағы уақытта өзгені жарылқау қиын-ау.

  9. «Менің бұл сайлау додасына қатысудағы басты мақсатым – қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін, сол ойлы азаматтардың бүгінгі қоғамдағы қордаланып қалған проблемаларға көзқарасы мен оны шешу жолдарынн билікке жеткізу» – Ағамыздың осы ойын түсінбедік, сонда тек осы өзекті мәселелерді жеткізу үшін Президенттікке тиүсу керек пе?

  10. Әй бәрібір сізді емес басқа біреуді халық қалап тұрған секілді ғой, сондықтан да сіздікі бос әурешілік секілді.

  11. Халықтан көмек сұрау емес, қайта халыққа көмектесу керек Жарылқап аға.

  12. Қазіргі таңда ешкім жайдан жай сенімді өкіл бола бермейді, әр адам ең бірінші материалдық жағын ойлайды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз