
Франция азаматы сүйіктісінің көңілін табу үшін Шымкентке көшіп келді.
Максимиллиан Эке есімді француз жігіті шымкенттік Полина есімді бойжеткенмен Парижде танысып, кейін екеуі шаңырақ көтерген. Жарасымды жұп төрт жыл бойы сән мен иіссулардың отаны саналатын әсем қалада өмір сүреді.
Алайда, жұбайы Полина үнемі туған еліне, туған қаласына қайта оралуды армандаған. Отбасы мен махаббатын сақтап қалу үшін Максимиллиан Парижд Шымкентке айырбастады.
«Мен Шымкентке көктемде келдім. Мұнда коммерцияның дамығаны ұнайды. Кафе, тапшандар көп. Мен әлемдегі ең көп тамақ жейтін елден келдім. Мұнда да тамақ жағы жақсы. Тек, біздегі сияқты таңдау көп емес», — дейді ол.
Бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған Максимиллиан мен Полина құжаттарды реттеуге кірісіп кеткен.
По сообщению сайта Nur.kz