АҚШ-тың жаңа елшісі Ақордада қазақша сөйледі

0
466
АҚШ-тың жаңа елшісі Ақордада қазақша сөйледі
Ақордаға алғаш қадам басқан АҚШ елшісі қазақ тілінде сөйледі деп хабарлайды КТК арнасы.Астанаға келгеніне бір айдан енді асқан дипломат тілді тез үйреніп алған. Джордж Кролдың икемдігі Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырған басқа әріптестерін таңқалдырды.

Назарбаевтың сарайына бірінші рет келген елшілерге протокол ережесі жіті түсіндірілді. Кімнің қайда тұратыны, кімнен кейін шығатынын пысықтап айтылды. Тыңғылықты әзірліктен соң залға кірген Нұрсұлтан Назарбаев 5 мемлекетің атап айтқанда, АҚШ, Кувейт, Пәкістан, Болгария, Сауд Арабиясының жаңадан тағайындаған елшілерінен сенім грамотасын қабылдады.

Ресми түрде қызметке кіріскенін білдіретін құжатты Назарбаевқа АҚШ елшісі қағазға қараса да қазақ тілінде оқып берді.

«Сізге президент Обама мен Америка халқының сәлемін жолдаймын. Сізге сенім грамотасын тапсыру мен үшін зор мәртебе. Сіздің тамаша еліңізде еңбек етуге дайынмын», — деді АҚШ елшісі Джордж Крол.

Америка елшісіне ризашылығын білдіріп арқадан қаққан президент те өз баяндамасын бастан-аяқ қазақ тілінде жасады. Мемлекет басшысы диломаттарға екі мемлекеттің арасындағы байланысты жандандыруға күш салуларын сұрады.

«Сіздердің жұмыстарыңыз әлемдегі күрделі кезеңге тап келді. Бұл біздің мемлекет үшін де, өз салмағын салып отырғаны белгілі. Жаңа сын-қатерлер жағдайларында Қазақстан үшін ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді сақтау және мемлекеттің дамуын одан ары жүргізу өте қажет болып отыр», — деп атап өтті президент Нұрсұлтан Назарбаев.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз