БҚО-да шенеунік 300 мың теңге көлемінде пара алған жерінен ұсталды

0
41
БҚО-да шенеунік 300 теңге көлемінде пара алған жерінен ұсталды
16 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттік департаментінің қызметкерлері шенеунікті пара алу үстінде ұстады.
Бұл туралы бейресми дереккөзге сілтеме жасап Уральская неделя хабарлайды.

Бөрлі ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы Жангелді Сарытаев пара алып жатқан жерінде ұсталды.

Аталған ақпаратты Бөрлі аудандық прокуратураның қызметкерлері білмейтін болып шықты. Олар бұл іспен облыстық прокуратура айналысатындығын айтқан.

Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы агенттік департаментінің және облыстық прокуратураның қызметкерлері ресми ақпарат беруден бас тартты.

Бөрлі аудандық жер қатынастары бөлімінде жұмыс істейтіндер басшыларының Орал қаласына іссапарға кеткенін айтқан.

Басылым Жангелді Сарытаевтың 300 мың теңге көлемінде пара алғанын жазады.

 

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз