Атырау облысында ҚР ҰКП жанынан іскер әйелдер кеңесі құрылды.

0
465
6
Еліміз бойынша алғаш құрылған кеңес құрамына мұнайлы өңірдегі тәжірибелі бизнесмен әйелдер мен кәсібін жаңа бастап жатқан қыз-келіншектер кірді. Бүгінде Атырау облысындағы бизнес әлемінің үштен бірін нәзік жандылар құрайды. Және олардың көбі ауылдық жерде кәсіптерін дөңгелетіп келеді. Жеке кәсіпкерліктен бастап, ірі компанияларға дейін жетекшілік етіп жүрген қыз-келіншектер қаржы институттарынан да өз орындарын алған. Және олардың саны жыл санап артып келеді. Бүгін құрылған Іскер әйелдер кеңесі кәсібін жаңа бастаған талапкерлерге бизнестің әліпбиін үйретуді көздейді. Кеңес айына бір мәрте отырыс өткізіп, жасалған жұмыстарын саралайды. Және ісін жаңа бастаған қыз-келіншектерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар мен салық заңнамалары, несие туралы кеңестер беретін болады . Әлия Бекқожиева, ҰКП жанындағы облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы: – Басты мақсат – өңірдегі кәсіпкер әйелдердің жұмыс тәжірибесін жаңа бастап келе жатқан қыз-келіншектерге үйрету. Ауылдық, аудандық жерлерге жұмыстың дамуына көмектесу. Елімізде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде үлкен бағдарламалар бар. Соларды әрі қарай жалғастыруға, әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау үшін құрылып жатыр.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/54773-esi-ryldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз