Tele2 бәсекелестеріне қарсы «баннерлік соғысын» жалғастырды

0
60

Алматыда Төле би мен Достық көшелерінің қиылысында Tele2 байланыс операторының арандатушылық сипаттағы жарнамалық банері пайда болды, деп хабарлайды Today.kz.

Tele2 бәсекелестеріне қарсы

Баннерде келесідей жазылған: «С днем рождения, дорогой Кисель! Твой недорогой Tele2» – «Туған күніңмен қымбатты Кисель (сусын түрі)! Сенің қымбат емес Tele2-ң».

Естеріңізге сала кетейік, екі компания арасында банерлер арқылы текетірес мұның алдында да 2014 жылдың қыркүйегінде болған.

Ол кезде Әл-Фараби мен Науаи көшелерінің қиылысындағы ғимаратқа «Tele2» операторы бәсекелесінің банерінің жанына өзінікін «Kcell рекомендует Tele2» («Kcell Tele2 –ны ұсынады») болып қиысатындай ілген.

«Tele2» компаниясының баспасөз қызметінен, банер 16-шы қыркүйекте орнатылғанын, жарнамалық науқан сәтті болып, суреті әлеуметтік желі пайдаланушыларының арасында тез тарағанын айтып берді.

Алайда, мұны түсінбегендер де табылған: сол күні банерді белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Құқық қорғау органдарына ұрлық бойынша арыз түсірілді.

Қаңтар айында банерлер бойынша сот ісінің шешімі белгілі болды. Ол кезде «Tele2 –ны ұсынады» ұраны жосықсыз жарнама белгілеріне жатқызылады деп танылған болатын.

Источник: Today.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз