Ғалымдар қазақстандықтармен туыстығын анықтау үшін Норвегия халқын зерттемекші

0
56

 

Қазақстандық ғалымдар қазақстандықтармен генетикалық туыстығы жағынан жақындығын анықтау үшін Норвегиялықтарды зерттемекші, деп мәлім етті Shtjire DNA ғылыми жоба жетекшісі Нұрбол Баймұханов.

Ғалымдар қазақстандықтармен туыстығын анықтау үшін Норвегия халқын зерттемекші

«Қазақ географиялық қоғамының» ғылыми жобасының басты мақсаты – Норвегияның құрылықтық тұрғындары мен Шпицберген аралының тұрғындарының онтогенезін тексеру. Экспедиция аясында ДНҚ үлгілері тексеріледі, талдаманың алынған нәтижесі бойынша норвегтіктердің шығу тегін анықтауға, олардың өзара және басқа этностармен туыстығын, атап айтқанда қазақстандықтармен туыстығын тексеруге болады», – деді Баймұханов.

Оның айтуынша, жұмыс Шпицберген архипелагында жүргізіледі.

«ДНК-үлгілерді алу буккальды эпители алу арқылы жүргізіледі. Екінші кезеңде жақында Қазақстанға келіп кеткен норвегиялық ғалымдармен бірге өздерінің ата-тегін, шежіресін, генеологиясын бүлетін Норвегия тұрғындары зерттеледі. Одан соң алынған нәтижелер салыстырылады», – деді ол.

«Үшінші кезеңде алынған сынамалар зертханаларға жіберіліп, онда олар статистикалық т.б. әдістермен сараланып, қандай халық зерттеліп отырған популяцияға жақын екендігі анықталады. Сондай-ақ МРС талдамасы генадағы мутация санына қарап әр үлкен этникалық сегменттегі еркектер жағындағы ортақ атасының шамалап қай кезде өмір сүргенін анықтауға мүмкіндік береді», – деп ол зерттеулер кезеңін санап шықты.

Одан соң, алынған деректер тарихи деректермен салыстырылады.

«Экспедиция қорытындысы бойынша халықаралық танымал басылымдарда «Еуразиядағы көші-қон үдерістері – норвегиялықтардың этногенезі» атты ғылыми жұмыс жарияланады. Онда қазіргі норвегиялықтардың, скандинавиялықтардың және көне этностар өкілдерінің генетикалық маркерлерді мен гаплотоптары салыстырмалы зерттеледі. Ал олардың ертедегі палеоДНК-лары бұрындары зерттеліп және халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланды», – деп атап өтті Баймұханов.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз