Еуропалық туристер бағаның жоғары болуынан Қазақстанға келуге бас тартуда

0
71

 

EXPO-2017 көрмесіне туристер негізінен Қытайдан келуі мүмкін, себебі еуропалықтардың пікірінше, Қазақстанда қызмет көрсету бағалары тым жоғары, деп мәлімдеді «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев.

Еуропалық туристер бағаның жоғары болуынан Қазақстанға келуге бас тартуда

«Бізде бір ғана мәселе бар – баға. Мәселен Қазақстандағы кейбір қызметтер еуропалықтардан жоғары. Ол мейрамхана, қонақ үйлер болсын», – деді Ермегияев бейсенбіде EXPO-2017 көрмесіне дайындық мәселелері бойынша брифингте.

Оның айтуынша, қазір ЕХРО-ға Еуропадан туристерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, дегенмен туристер негізінен Батыстан, Шығыстан келеді деп күтілуде.

«Туристердің негізгі бөлігі EXPO – ға Қытайдан келеді. Соңғы рет біз Қытайдың туроператорларымен сөйлескен болатынбыз, бізде қытайлық туристерді тартуға мүмкіндік мол», – деді ұлттық компания басшысы.

Қазіргі таңда оның айтуынша, көрме қонақтарына арналған турпакеттер әзірленуде, басты маршрут ретінде әзірге Астана-Бурабай бағыты алынып отыр.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз