Сенаторды монополистердің ашкөздігі шошытты

0
442

 

Тарифті өсірген монополистер түскен пайдаға қымбат көлік пен жаңа жиһаздар сатып алған. Ал тозығы жеткен электр желілерін жаңартуға тиын таппайды.

Сенаторды монополистердің ашкөздігі шошытты
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Халықтың емес, өз қамдарын көбірек ойлаған монополистердің ашкөздігі бүгін сенаторларды шошытты.

Ашуға мінген Айтаханов бүгін «Табиғи монополиялар» жөніндегі заң жобасын алып келген Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа бар өкпесін айтып салды.

Себебі жаңа жылдан бастап жылу, жарық, су, секілді коммуналдық ақының бағасы еселеп өскенімен, одан түскен ақшаны монополистер бас пайдасына жаратқан дейді сенатор.

Яғни, артылған пайдаға қымбат көлік пен жиһаз, дәлірек айтқанда, кеңселеріне шкаф, кресло, үстел сатып алған.

Осы кезде электр бағаналары құлап, жылу, су құбырлары жаппай шіріп жатыр. Сондықтан депутат монополистердің тарифтен түскен қаржыны тағы қайда жұмсап жатқандарын дереу тексеруді талап етті.

«Жергілікті жерлерде өткен ғасырдың 60-70 жылдары орнатылған электр желілері әбден тозығы жеткен бағаналары қисайып, құлап, сымдары үзіліп жатыр. Ал тұтынушыдан алынатын электр энергияларының 1 киловатт бағасы бірнеше есеге өскен. Тарифтер өссе де, электр желілері, жылу жүйелері де жаңартылмай келеді. Ал, сала басшылары қымбат шетелдік автокөліктер мен керемет офистік жиһаздар алуға құмар», – дейді сенатор Қуаныш Айтаханов.

Источник: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз