Ақтөбеде зейнеткерлікке шыққалы отырған мектеп директоры парамен ұсталды

0
96
Ақтөбеде зейнеткерлікке шыққалы отырған мектеп директоры парамен ұсталды
Ақтөбеде тендерге қатысқан кәсіпкерден 500 мың теңге талап еткен мектеп директоры парамен ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы.№20 мектеп-гимназияның басшысы асханада оқушыларды тамақтандыруға байланысты тендерге қатысқан кәсіпкерден 500 мың теңге талап еткен.

Ольга Бажитова сол ауызбастырықты алып жатқан сәтінде қолға түсті. Көктемгі демалысқа санаулы күн қалғанда, бұл жаңалықтан білім ошағының ұжымы мен оқушыларының төбелеріне жай түскендей болды.

Себебі, олар бір айдан соң мектеп директорын салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салуға әзірленіп жатқан. Енді гимназияны төрт жыл басқарған Ольга Бажитова зейнеткерлікке емес, абақтыға кетуі мүмкін.

Өйткені оған мектеп асханасында қызмет көрсеткісі келетін кәсіпкерден жарты млн теңге пара алды деген айып тағылып отыр. Осы соманы берсе тендерден сүріндірмеймін деп уәде беріпті. Қазір тергеу басталып, директор ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз