Ресей Президенті Владимир Путин жұмыс сапарымен Астанаға келді. Бұл туралы Vesti.ru хабарлайды. 20 наурызда Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуі өтеді. Кездесуде үш мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуы мен болашағы талқыланбақ. Сондай-ақ әлемдік экономикадағы заманауи тенденциялардың әсерін есепке ала отырып, еуразиялық интеграциялық мәселелерді қарастыру жоспарланған. Бұған қоса үш елдің көшбасшылары халықаралық өзекті мәселелер, әсіресе Украинадағы жағдай туралы пікір алмасады деп күтілуде.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/54892-keldi