Қазақстандық ғалымдар Солтүстік полюске сапар шекпек

0
535
5
 Еліміздің мемлекеттік туы Жер шарының Солтүстік полюсінде де желбірейтін болады. Жыл он екі ай қар жамылып, мұз құрсанып жататын арктикалық аймаққа енді қазақстандық шаңғы экспедициясы алғаш рет сапар шекпек. Қазақ Географиялық қоғамының бастамасына Қазақстан халқы Ассамблеясы мен еліміздің Сыртқы істер министрлігі қолдау білдірген. 8 адамнан жасақталған топ наурыздың аяғында алдымен Норвегияның Шпицберген аралына барады. Одан әрі Солтүстік мұзды мұхитта орналасқан Барнео аэродромына ұшақпен жетіп, сол жерден шаңғымен жорық басталады. Барнеодан Солтүстік полюске дейінгі арақашықтық шамамен 200 шақырымдай. Сапар барысында скандинав тұрғындарының генетикалық сипаттамалары зерттеледі. Еуразия елдері ата-тегін талдап-таразылайтын экспедиция мүшелері дүниежүзінің ғылыми, мәдени және гуманитарлық кеңістігінде Қазақстанның жетістіктерін дәріптеп келеді. Жанна Ахметова, экспедиция мүшесі: – Біз шаңғы экспедициясының сапарын күнделікті онлайн режимде баяндап отырамыз. Дүниенің өзге бұрышының келбетін, Норвегияның байырғы тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі жайлы толыққанды ақпар береміз. Географ ғалымдардан құралған топ бұған дейін оңтүстік полюске де барып қайтқан болатын. Сергей Бодров, экспедиция мүшесі: – Сапар мерзімі күн сайын 20-25 шақырым жол жүре отырып, 7-12 күнге созылмақ. Негізінен шаңғымен жететін экспедициялық топ мұзды шоғыр мен жарылған жерге кезіккен кезде, сондай-ақ мұздақтар арасынан өткенде арнаулы киім және полярлық шананы қолданады.Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/54888-shekpek

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз