Автотұрақ қызметкеріне оқ атқан алматылық ауруханада жатыр

0
420

 

Алматыда төбелес себепкер болып, автотұрақ қызметкеріне қару кезенген көлік жүргізушісі басынан жарақат алып, қазір Қаскелең қаласындағы ауруханада жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Автотұрақ қызметкеріне оқ атқан алматылық ауруханада жатыр
Иван Хутор

Ол оқиғаның жаңа қырын ашты. Айтуынша, травматикалық қаруды ол тек қорғану үшін ғана қолданған. Ал бәленің бәрін жол жиегінде заңсыз ақша жинап жүргендер бастаған көрінеді.

Алматыда Абылай хан даңғылының бойында болған атышулы оқиғада көлігін жол жиегіне қалдырған жүргізуші сол үшін 50 теңге талап еткендермен жанжалдасып, ақыр соңында травматикалық тапаншадан оқ атқан. Алайда қару қолданған Иван Хутор бар айыпты тұрақ қызметкерінің өзіне жауып отыр.

Айтуынша, заңды құжатын көрсете алмаған олар бірінші болып жұдырық жұмсапты. Артынан тағы әріптестерін шақырған. Олар да сөзге келместен Иванды соққыға жыға бастапты. Ол аздай, көлігімді тонап, тіпті айдап кетпек те болды дейді жүргізуші.

Жанжал кезінде басымнан жарақат алдым деген жігіт қазір Қаскелең қаласындағы ауруханада жатыр. Ал жанжал шыққан жерде расымен ақылы тұрақ деген ешқандай белгі жоқ екенін айта кетейік.

«Әуелі оларды тоқтатпақ болып жерге, болмаған соң аяғына аттым. Сол кезде олардың үстінен қарайтын жігіттер келіп, көлік ішіндегі камераның чипін суырып алып, астан-кестеңін шығарды. Онда әлгі қызметкердің мені ұрған видеосы бар болатын. Бірақ, онда басқа да камералар көп болды. Біз кірген дүкеннің бейнекамераларында да жазылған болу керек. Солардың барлығы сотта менің кінәсіз екеніме дәлел болады деген ойдамын», – дейді Иван Хутор.

Источник: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз