Уругвайда құлаған Beechcraft C 90 ұшағының бортында болған 8 жолаушы мен 2 экипаж мүшесі көз жұмды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, олардың барлығы көршілес Аргентина азаматтары болған. Олар Буэнос-Айрестегі «Рураль» ірі көрме орталығындағы жұмыстарын аяқтап, халықаралық әуежайдан жеңіл моторлы әуе көлігімен ұшып шыққан. Артынша ұшақ Уругвайдың Пунта-дель-Эсте қаласынан 15 шақырым жерге құлаған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://www.24.kz