Ақтауда жүкті келіншектің өліміне кінәлі дәрігерлер жазадан оңай құтылды

0
373

 

Жүкті әйелді ақылы негізде босануға мәжбүрлеп, ақыры ажал құштырған ақтаулық 3 дәрігерге сот 2 жылдан шартты жаза кесті. Және олар марқұмның туысына 6 миллион теңге моральдық шығын өтеуі тиіс.

Ақтауда жүкті келіншектің өліміне кінәлі дәрігерлер жазадан оңай құтылды
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Босануға келген Қалима Бисеноваға дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетпеген. Кесарево тілігін жасау үшін ақ халаттылар қомақты ақша сұрапты. Алайда қаржыны төлегеніне қарамастан, келіскен акушер-гинеколог алдынан шықпапты.

Медициналық көмек кеш көрсетілгендіктен Қалима операция үстелінде жан тапсырды. Баласы да шетінеп кетті. Сондықтан дәрігерлерге өз жұмысына салғырт қарау салдарынан адам өліміне әкеп соқтырды деген айып тағылды.

Сол бап бойынша қалалық перзентхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы болған Жәмилә Керімбекова шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 1 жыл медициналық қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Ал босану бөлімшесінің меңгерушісі Сағира Аймекен мен анестезиолог Сүндет Сарбасовтың 2 жылға бас бостандығы шектелді. Бұлар жұмыс орнындарында қала бермек. Ал 6 миллион теңге моральдық шығынды бұлар жәбірленушіге өзара бөліп төлеуі тиіс.

«Апамның орнын толтыра алмаймын. Дегенмен әділ шешімге жеттім. Сол кінәлі дәрігерлер жазасын өтейді», – дейді марқұмның туысы Айнұр Ахметдинова.

Источник: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз