Бір айда 31 мың сириялық босқын үйлеріне оралды

0
104
Соңғы бір айда 31 мың сириялық босқын Кобанидегі үйлеріне оралды. Бұл туралы Түркияның Шанлыурфа провинциясы Суруч ауданының əкімі Абдулла Чифтчи хабарлады. Осыдан жарты жыл бұрын «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы мен жергілікті күрд жасақтарының соғысынан Кобани қаласынан көрші Түркияға бас сауғалап келген сириялық күрдтер аймақта жағдай тұрақталысымен, топ-тобымен туған жерге кері қайтуда. «Аптасына ең кемі 6-7 мың шамасында сириялық босқын шекара асуда, олардың басым бөлігі əйел мен балалар. Қазір Суруч ауданындағы Мюршитпынар шекара бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болды», – дейді Абдулла Чифтчи. Авторы: Ержан Жүніс

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/54910-oraldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз