АҚШ ӘӘК-нің ардагері Тайрод Пьюдің «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына қолдау танытпақ болған әрекеті жүзеге аспады. Елдің Әділет министрлігі хабарлағандай, АҚШ-та туып-өскен бұрынғы әуе қорғанысының әскери қызметкері өз еліне аяқ астынан теріс қарап, Сирияға кетпек болған. Ондағы ойы – жергілікті террористік ұйымдардың қатарына қосылу. Тағылған айып қорытындысына сәйкес, биылғы жылдың басында жұмыстан шыққан Пью арада бірнеше апта өткен соң «Ислам мемлекеті» содырларының құрамына кіруге бекініпті. Ардагер Таяу Шығыста әуе механигі қызметін атқарған. Егер ол кінәлі деп танылса, 35 жылға бас бостандығынан айырылмақ. Федералды прокурор Лоретта Линчтің айтуынша, күдіктіге сондай-ақ әділ сот төрелігіне қарсылық білдіргені үшін де қосымша айып тағылып отыр. Авторы: Жігер Сәрсен
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/54915-mkin