20 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуін өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшылары үш елдің өзара сауда және экономикалық ықпалдастығын тереңдету мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар президенттер әлемдік экономиканың даму үрдістерін және Украинадағы ахуалды талқылайды.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/54911-arlanuda