Атамбаев Бішкек пен Ошта мектеп салып бергені үшін Назарбаевқа алғыс айтты

0
423
Атамбаев Бішкек пен Ошта мектеп салып бергені үшін Назарбаевқа алғыс айтты
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Бішкекте мектеп салдырғаны үшін ризашылық білдірді.

Бұл туралы ол Бішкектің «Ала-Тоо» тұрғын алабындағы №82 мектептің ашылу салтанатында мәлімдеді.

«Ең алдымен, мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтамын. Ол бізге көп көмектесті, сан алуан мәселелерді шешіп беріп жүр. Көптеген елдерде болдым, Назарбаев сияқты басшылар өте аз», — деп атап өтті Атамбаев.

Естеріңізге салайық, Қазақстан үкіметі Бішкек пен Ош қаласында екі мектеп салу үшін 6 млн 544 мың доллар бөлген болатын. Қаржыны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бөлді.

Айта кетейік, Назарбаев 2012 жылы Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында Бішкек пен Ош қаласында мектеп салуды тапсырған болатын.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз