«Жібек жолы» аймақтық қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды

0
511
7
Алматы әкімдігі мен «Даму» қоры кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды. Қос тарап іскерлерді қолдау мақсатында «Жібек жолы» аймақтық қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. Енді «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып үлгермеген кәсіпкерлер жаңа бағдарлама арқылы кәсіптерін дөңгелете алады. Жаңа бағдарлама бойынша бір кәсіпкерге 180 млн теңгеге дейінгі несие 7 пайыз жеңілдікпен берілетін болады. Бұл жобаны қаржыландыруға 4 млрд теңге бөлінді. Оның 2 миллиарды қала әкімдігі тарапынан қарастырылса, қалғанын «Даму» қоры өз есебінен толтырды. Аталған жобаға тек Алматыда тіркелген және кәсібін осы қаладан ашқысы келетін кәсіпкерлер ғана қатыса алады. Гүлзат Сімтікова, «Даму» КДҚ» АҚ Алматы қаласы бойынша аймақтық филиалының директоры: – 7 пайыз жеңілдікпен берілетін несие кәсіпкерлерге өте тиімді болып табылады. Қордан бөлінетін ақша екі бағытта жұмсалады. Алғашқысы 7 жылға негізгі құралдарды алу мен инвестиция тартуға берілсе, екіншісі 3 жылға шығынды толтыру үшін беріледі. Осы ретте қарыз алушыға несиені өзге адамның атына аударуға тыйым салынады.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/55057-sy-iske-osyldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз