Шығыс Қазақстанда жылу трассасының коллекторында екі адам өртеніп кетті

0
37
Шығыс Қазақстанда жылу трассасының коллекторында екі адам өртеніп кетті
Семейде жылу трассасының құдығында түнеген екі адам толықтай өртеніп кетті, деп мәлімдеді ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасай отырып, NUR.KZ хабарлайды.

Люктен шыққан түтінді байқаған куәгерлер өрт сөндірушілерді шақыртқан.

Тексеріс барысында қоқыс өртенгені анықталды. Өрт сөндірушілер коллектордың ішінен толықтай өртеніп кеткен екі мәйіт тапты.

Қайтыс болғандардың кім екендігі анықталуда.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз