Tele2 директоры атышулы баннерге қарсы өз пікірін білдірді

0
346
Tele2 директоры атышулы баннерге қарсы өз пікірін білдірді
Тele2 Kazakhstan компаниясының коммерциялық директоры Миндаугас Убартас ұялы байланыс операторлары арасындағы дау-жанжалға қатысты өз пікірін білдірді.

Ол жарнаманың есебінен фирма туралы жағымсыз ойлар қалыптасатын кездер болатындығы туралы дәлілдейтін фактілерді тізбектеп берді.

«Біз акция жасағанда барлығын ой жиегінен өткіземіз. Мен адамдардың артық төлем жасауды ұнатындығы туралы естіген жоқпын. Олар өз нөмірлеріне тіркелген немесе артық төлем жасап жатқандықтарын назарға алмайды. Біз адамдар ойландыру үшін жарнама жасаймыз», — деді Миндаугас Убартас.

Оның айтуынша, пиар-акция әрдайым ойдағыдай нәтижеге алып келе бермейді.

Жарнама жасауда шектен шықпаған жөн. Құрманғазы және Пушкиннің суреті сияқты жеке мәселені қозғамаған абзал

«Біз Латвияда жарнама жасау барысында, шұңқыр қазып, метеорит құлағандай жасадық. Іс жүзінде біз «Метеорит» атты жаңа акцияны іске қосқанбыз. Мұны барлық телеарна көрсетті. Аздап қиындықтар туындады, барлығы метеорит құлады деп ойлаған, біз кешірім сұрадық. Өрт сөндірушілер келді. Одан кейін шынында да метеорит құлағанда, барлығы бізден көрді. Бұл біздің істеген ісіміз еместігін түсіндірдік. Біздің бұл жерде кінәміздің жоқтығын мәлімдедік. Сондықтан жарнама жасауда шектен шықпаған жөн. Сондай-ақ, мысалы, Құрманғазы және Пушкиннің суреті сияқты жеке мәселені қозғамаған абзал», — деді компанияның коммерциялық директоры.

Сонымен қатар, ол танымал ұялы байланыс операторына қатысты баннер туралы да ойымен бөлісті.

«Бұл компания шығарған соңғы баннер.Олар осы нарықта өздерін қожайын ретінде санайды. Олар барлық адамдар оның құлы болуы керек деп ойлайды. Олар бізді осы нарықтың қонағы, ал өздері қожайыны сияқты бәсекелестікті таңдап алды. Яғни, біздің баннерлер жоғалып кетеді немесе әйтеуір бірнәрсе болады. Біз бұған келіспейміз! Біз адамдар олардың құлы болуы керек деп ойламаймыз. Біздің мемлекетте бәсекелестік жақсы, ол қолдау табуда», — деп мәлімдеді Миндаугас Убартас.

Ол мұндай мәтіндегі жарнамаларды беруді тоқтатпайтынын айтты.

Олар бізді осы нарықтың қонағы, ал өздері қожайыны сияқты бәсекелестікті таңдап алды. Яғни, біздің баннерлер жоғалып кетеді немесе әйтеуір бірнәрсе болады.

«Егер мен жарнаманы беруімді тоқтатпасам, бізге не істей алады? Біз бәсекелестікке тұтынушы үшін түсеміз. Егер тұтынушымыз жақсы болса, компания да өсіп өркендейді. Егер сен «көп асаймын» десең, компания құлдырап кетуі мүмкін», — деді Миндаугас Убартас.

Оның айтуынша, Қазақстанда ұялы байланыс қызметі тағы да арзандауы мүмкін.

Еске сала кетейік, Тele2 Kcell-ге қарсы атышулы баннерлермен ойлап табу арқылы жұртшылық назарына өзіне аударуда.

По сообщению сайта Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз