Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз

0
1114
1.1
Бүгін – Самарқанның көк тасы жібитін Ұлыстың ұлы күні. 21-інен 22-іне қараған түні күн мен түн теңеліп, барша игіліктің бастауы жаңа жыл келеді. Парсы тілінде «ноу» жаңа, «руз» күн, яғни «жаңа күн» деген мағынаны білдіретін Наурыз мерекесін ежелден ата-бабамыз жақсылыққа балаған. Бірліктің татулықтың, ізгіліктің мерекесінде игі тілектер тілеп, барлық реніштерді ұмытып, бір-біріне кешірім жасаған. Дәстүр бойынша бұрын бүкіл ауыл-ел болып, таң шапағатын қарсы алған. Арықтарға су жіберіп, ағаш отырғызып, гүл еккен. Ұлттық ойындар ойнатылып, тіршілік атауының жаңару күні барынша сән-салтанатымен тойланған. Ізгілікке бастайтын Ұлыстың ұлы күні бүгіннен бастап еліміздің барлық аймақтарында 3 күн қатарынан аталып өтеді. Мән-мағынасы айрықша әз-Наурыз 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста тойланып келеді. Халықаралық мереке саналатын Ұлыстың ұлы күнін күллі мұсылман халқы айрықша қадір тұтады.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/55073-nauryz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз