Путин: Ресей мен Қазақстан ағымдағы ауыртпалықтарды бірге еңсереді

0
504

 

Ресей мен Қазақстан ағымдағы ауыртпалықтарды бірге еңсереді, деп санайды Ресей президенті Владимир

Путин.

 Путин: Ресей мен Қазақстан ағымдағы ауыртпалықтарды бірге еңсереді

«Бізде әлемдік экономикадағы ахуал расында оңай емес, және сіздің жаңа ғана еске салып өткен нарықтағы жағдайдың есебінен де. Бірақ Қазақстанда, бүкіл посткеңестік кеңістікте, атап айтқанда сіздің тікелей қатысуыңызбен құрылған экономиканың, әлеуметтік саланың қызмет ету негіздері, шүбәсіз, бізге осы ауыртпалықтарды еңсеруге көмектеседі деп мен сенемін», – деді Путин жұма күні Қазақстан және Ресей президенттерінің екіжақты кездесуінде. Ресейлік лидердің сөзін ҚазТАГ агенттігі келтіреді.

«Әлбетте, егер біз мұны бірге жасайтын болсақ, себебі біз бұны бұған дейінгі жылдар да жасап келдік, бүгінде туындап отырған жағдайдан шығу жеңілдеу болады. Сол себепті біздің екіжақты қарым-қатынастарды және интеграциялық тректер бойынша талқылау үшін сіздің шақыруыңызды пайдалану шынымен маңызды және қажет. Және әлемде біздің тарапымыздан айрықша мән беруді талап ететін қиын проблемалар аз емес», – деп толықтырды ол.

Екіжақты кездесуде Назарбаев пен Путин мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі Еуразиялық экономикалық одақ үшін (ЕАЭО) сынақ болғанын тілге тиек етті.

«Өкінішке орай, бүгінгі таңда біздің одақ (ЕАЭО) үлкен сынаққа тап болып отыр, өйткені мұнайға және басқа да экспорттық тауарларға экспорттық баға төмендеді. Менің ойымша, біз бұндай тәуекелдер болатынын білдік, баға тепе-теңсіздігі де, толқыныс та болды», – деп келтіреді Назарбаевтың сөздерін Қазақстан жаңалықтары агенттігі.

Ол бүгінгі кездесуде өңірде және әлемде болып жатқан оқиғалар, соның ішінде «Еуразиялық экономикалық одақ дағдарыстан қалай шыға алады» деген сауалдар талқыланатынын атап айтты.

Айта кетсек, Астанада Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Владимир Путиннің үшжақты кездесуі өтуде. Мемлекет басшылары үш елдің өзара сауда және экономикалық ықпалдастығын тереңдету мәселелерін қарастырады деп күтілуде. Сонымен қатар, президенттер әлемдік экономиканың даму үрдістерін және Украинадағы ахуалды талқылайды.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз