Күн мен түн теңеліп, ел шаттыққа бөленіп, жұрт қызыққа кенеліп жатқан Ұлыстың ұлы күнінде астаналықтар мен бас қала қонақтары елордадағы салтанатты шаралар өтетін «Сарыарқа» велотрегіне қарай ағылды. Әз Наурыз мейрамына арналған сахналық қойылымдар мен мерекелік концерт болатын кешенге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та арнайы ат басын бұрды. Жан дүниені жаңартып, жаратылыс атаулыға жан бітірер мейрамды көпшілікпен бірге тамашалаған Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/55104-tty-tady