Отандық БАҚ елбасынан наурызда қымыз ұстап құттықтауды өтінді

0
710

 

Отандық интернет порталдың ұжымы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Наурыз мерекесінде қолына қымыз алып, халықты құттықтау туралы ұсыныс айтты.

Отандық БАҚ елбасынан наурызда қымыз ұстап құттықтауды өтінді
«Қыстың тоңы жібіп, қар көбесін сөгіп, қазақ даласына Әз наурыз да жетті. Күллі шығыс халықтарының жаңа жылы табылдырықтан аттағалы тұр. Осы орайда біз де ел тізгінін ұстаған елбасына дат айтпақпыз. (Дат та емес, хат дегеніміз дұрыс шығар)», – дейді qamshy.kz  қызметкерлері.

Әз наурыз мейрамымен құттықтай келе, сәуірде болатын сайлаудағы үміткерлігіңізге сәттілік тілейміз!

«Құрметті, қазақ елінің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырза! Сізді  алдағы Ұлыстың ұлы күні Әз наурыз мейрамымен құттықтай келе, сәуірде болатын сайлаудағы үміткерлігіңізге сәттілік тілейміз! Біздің сізге айтпақ ақжолтай тілегіміз, ұлыстың ұлы күнін жаңа жылды қарсы алғандай, (наурыздың жиырма біріннен жиырма екісіне қараған түні) қолыңызға шара толы қымыз алып, қараша халқыңызды құттықтасаңыз. Осыны жыл сайынғы бұлжымас дәстүрге айналдырсаңыз екен деп сұраймыз. Бұл ел бірлігі үшін, әрі Әз наурыз мейрамына тамаша әр беретін еді. Сондықтан біздің бұл өтінішіміз жерде қалмас деген үміттеміз», – деп жазады Бақытбек Қадырұлы мен Ықылас Ожайұлы.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз