Таяуда Тунисте болған лаңкестік шабуыл кезінде мұражай пен парламент күзетшілері сол ғимараттың маңындағы дәмханада отырған. Бұл туралы елдегі Халық кеңесінің вице-спикері Әбдел Фаттах Моруға сілтеме жасай отырып, Бахрейннің Al Wasat басылымы хабарлады. «Ал жұмыс орнында отырған күзетшінің өзі ғимараттың түкпіріне кіріп алып, тамақ жеп отырған», – деген депутат. Естеріңізге сала кетейік, 18 наурызда «Бардо» мұражайында болған лаңкестік әрекеттен өмірі қиылған 22 адамның ішінде Италия, Испания, Польша, Германия, Ресейден келген туристер де бар. Қайғылы оқиғадан 44 адам түрлі жарақат алған. Дайындаған: Г.Абилова