Басшылық табысынан салық төлемеген әншілерді жазалауға кірісті

0
75

 

Табысынан салық төлемеген әртістер енді айыппұл арқалайды. Бұл туралы Алматы қалалық кіріс департаментінің басшылары хабарлады.

Басшылық табысынан салық төлемеген әншілерді жазалауға кірісті
Жұлдыздардың басын қосып, жиын өткізген салықшылар өнер адамдарын өз еріктерімен кәсіпкерлік ашуға шақырды. Салықшылар өнер жұлдыздарын жиып, жеке кәсіпкерлік ашуға үгіттемек болған.

Алайда шақырылған 400-ден аса әртістің небәрі 30 шақтысы ғана келді. Десе де, жоспарлы жұмысты жалғастырған мамандар табысын жасырған әртістер жазасыз қалмайды деп отыр.

Кімнің қанша пайда тапқанын дәлелдеу үшін алдағы уақытта тойлар мен кештерге рейд жүргізіп, фирмасы жоқ өнер иелеріне дүрсе қоймақ.

«Тіркелмеген әртістерге келетін болсақ, олардың бізге аты-жөні, бәрі белгілі. Кез келген әртісті тексеруге болады. Тіркелген-тіркелмегенін кез келген инспектор тексере алады. Егер әртіс кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, оларға әкімшілік айыппұл салынады»,- деді Алматы қалалық кіріс департаментінің бөлім басшысы Еділ Әзімшайық.

Егер әртіс кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, оларға әкімшілік айыппұл салынады

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша кіріс департаментіне 1 мың 29 өнер адамы кәсіпкер ретінде тіркеліпті. Өткен жылы соның 650-і ғана табысынан 45 миллон теңге салық құйса, 35 пайызы кіріске көк тиын да төлемеген.

Осыны сөз еткен басшылар әрбір әртіс айына «миллондап табыс табады» дегеннен жаңылмай отыр.

Алайда, ән салып, той жүргізетіндер «шығынымыз шаш етектен, айлық жалақымыз миллион түгілі, жартысына да жетпейді» деп зар илеуде.

«Жеткілікті табыс табатын әріптестеріммен қатар, өте аз табыс көретіндері де бар. Мысалы, әр тойдан олар 10 мың теңге табуы мүмкін. Егер айына бір-екі той болса, ол сонда 30-40 мың теңге табыс табуы мүмкін»,- деді композитор Арман Дүйсенов.

«Салықшылар әр кештен 10-15 мың теңге аламыз деген асабаларға сенбейді. Мен өз басым 20 мыңға той жүргіземін. Артық табысыңды жасырған үшін айыппұл салам дей ме? Алдымен сондай табыс тапқанымды дәлелдесін»,- деді асаба Елена Опухтина.

Салықшылардың есебінше, Алматыда 3000-нан аса өнер жұлдызы тұрады. Оның ішінде танымалы да, шоу-бизнеске енді қадам аттағандары да бар.

Сол себепті құзырлылар асаба, биші, тіпті сайқымазақтардың жеке кәсіпкер болуын міндеттеп отыр.

Источник: Алматы ТВ

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз