Дәрігерлер екпеден құлаған 9 оқушыны Ақтауға алып келді

0
418

Жаңаөзенде қызылшаға қарсы екпеден соң ауруханаға түскен 15 баланың тоғызы Ақтауға жан-жақты тексеруге жеткізілген.

Дәрігерлер екпеден құлаған 9 оқушыны Ақтауға алып келді
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Руслан Бектібаев Азаттыққа балалардың «денсаулығы бірқалыпты» деп айтты.

«Қазіргі жағдайларды екпемен байланыстырудың қажеті жоқ. Ол бір-біріне таралып жатыр. Психикасында өзгеріс жоқ. Вегатативтік қан тамырларының өзгерісі салдарынан дем жетпей қалуы сияқты жағдайлар болады. Сал болып қалу қаупі жоқ», – деді ол.

Жаңаөзенде қалған жеті баланың туыстары оларды Алматы мен Астанадан келген мамандарға көрсетуге талап білдіріп отыр.

Бұған дейін төрт бала Алматыдағы «Ақсай» балалар ауруханасына, 17 бала Астанадағы «Ана мен бала ғылыми зерттеу орталығына» жіберілген.

Жаңаөзенде ақпанның 16-сы мен 19-ы аралығында жасалған қызылша екпесінен соң 86 бала денелері жансызданып, талып қалып, ауруханаға түскен. Кейін ем алып шыққан олардың кейбірі екінші қайтара ауруханаға жатқызылған.

Балалардың туыстары оқушылар денсаулығының күрт нашарлауына қызылшаға қарсы екпе себеп болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Бірақ облыстық денсаулық сақтау мекемесі басшылығы балаларда пайда болған дертке екпенің қатысы жоқ дейді.

Источник: Азаттық

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз