Бүгін Елбасы Астанаға жұмыс сапарымен келген Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Қос ел басшылары екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері төңірегінде сұхбаттасты. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты әңгімеге арқау етті. Қос ел басшылары әлемдік экономиканың даму үдерістерін және Украинадағы ахуалды да талқылады. Естеріңізге сала кетсек, ертең Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің үшжақты кездесуі жоспарланған. Үш елдің басшылары өзара сауда және экономикалық ықпалдастықты тереңдету мәселелерін қарастырады.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/basty-zha-aly-tar/item/54855-kezdesti