Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының студенттері журналистерді соққыға жықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі оқиға орнынан.
«Студенттер мен оқытушылар журналистерге бас салды. ҚазТАГ және Tengrinews журналистерін соққыға жықты. Бастапқыда операторларға тұра ұмтылды. Студент қыздар мен жігіттер жанжал шығарып, кейін барлық тілшілерге лап қойды. Фотографтардың бірінің тұмсығы бұзылды, камерасы да зақымдала жаздады», – деп хабарлайды тілші оқиға орнынан.
Тілшінің айтуынша, сол жерге полиция қызметкерлер келіп жетіп, журналистерге арыздарымен ІІД-ға жүгінуге кеңес берген.
Панфилов көшесіндегі қозғалыс қиындаған, тұрақтағы көліктерді асығыс түрде жолдан алдыруда. Төтенше жағдай ауданы қоршалған.
Еске сала кетейік, бейсенбі күні шамамен 13.30-да Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шатыры тұтанған.
ТЖД хабарлауынша, тұтанудың алдын ала аумағы 1 мың шаршы м құрайды. 200-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылған. Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша, бүгінде академияда Наурыз тойлауға байланысты сабақ болмаған.
Олардың айтуынша, тілсіз жауды салтанатты іс-шаралардан кейін байқаған. Мұғалімдердің өздерінің сөзіне сенсек, өрт киім бөлмесінде орын алуы ықтимал.