«Қамшы» порталы ұйымдастырған «Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық бәйгесі мәресіне жетті. Осыған орай 30 наурызда Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында мерекелік концерт өтеді. Оқырман таразысына салынған шығармалар әділ-қазылардың безбеніне түсті. Жүлдегерлер алдағы аптада анықталады.
«Алашұлы» тобы бас болып тізгінін ұстап отырған мерекелік концертке Рамазан Стамғазиев, Жамболат пен Жазира, Мөлдір Әуелбекова, Қоңыр тобы, Өмірқұл Айниязов, Тұран тобы, Асхат Тарғынов, Бибігүл Қилымхан, Арқайым тобы, т.б. өнер жұлдыздары қатысады.
Науырыз – қазақтың төл жаңа жылы. Күн мен түн теңеліп, дала нұрға бөленіп, оң мен солға, өткен мен келешекке көз жіберетін мезгіл. Зымыраған уақыт пен замана көші кей кейде Қазақ тәуелсіздігін сын сағатқа әкеле жатқандай күй кешеміз. Осындайда халықтың сөзін сөйлеп, ісін істеп келе жатқан азаматтарды бағалай білгеніміз жөн. Тәуелсіз «Қамшы-ақпарат» қоғамдық қоры ұлтына адал қызмет етіп келе жатқан сондай бір топ азаматты «Қазақ хандығына 550 жыл» медалімен, арнайы алғыс хатпен марапаттауды ұйғарды.
Олар:
2. Дархан Қыдырәлі, Түркі академиясының Президенті
3. Айдос Сарым, саясаттанушы
4. Бауыржан Оспанов, меценат
5. Берік Уәли, ОҚО Ішкі саясат басқармасының бастығы
6. Расул Жұмалы, саясаттанушы
7. Мұхтар Тайжан, кәсіпкер
8. Ерлан Қарин, саясаттанушы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры
9. Әміржан Қосанов, саясаткер
10. Нұртай Сәбилиянов, мәжіліс депутаты
11. Жарылқап Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарының Бас редакторы
12. Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының жетекшісі
13. Сәкен Майғазиев, әнші, «Музарт» тобының мүшесі
14. Болат Мүрсәлім, журналист, 31 арна жаңалықтар бөлімінің жетекшісі
15. Қасым Аманжол, журналист
Әрине, Қазақ еліне ұшан-теңіз қызмет атқарып жатқан оғландар жетерлік. Дегенмен, «Біздің елдің жігіттерін» толық марапаттауға шағын қордың мүмкіндігі аз. Сондықтан бұл марапаттауды алдағы күндерде жалғастырамыз.
Шығармашылық бәйге жүлдесі мен «Қазақ хандығына 550 жыл» медалі 30 наурызда Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында табысталады.
Ұлыс оң болсын!!!
qamshy.kz – «Қамшы-ақпарат» қоғамдық қоры
(«Қазақ хандығына 550 жыл» медалына мүсінші Ринат Әбеновтің жобасы мен Қазақ хандығы туының нобайы пайдаланылды)
http://qamshy.kz