Наурыз мейрамына орай Алматыда отандық кинофильмдердің қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Бұл туралы kinostan.kz хабарлайды. Фильмдер қала кинотеатрларында тегін көрсетілуде. Атап айтқанда, «Райымбектегі кинозалда» 22 наурыз күні сағат 14.00-де «Аңшы бала» фильмі қазақ тілінде көрермен назарына ұсынылса, 25 наурыз күні «Жеңіс семсері» фильмі орыс тілінде көрсетіледі. Осыған дейін, яғни 20-21 наурыз күндері отандық туындылар «Біржан сал» мен «Жаужүрек мың бала» фильмдерін оңтүстікастаналықтар тегін тамашалау мүмкіндігіне ие болған еді.
Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/55198-k-rsetiledi