Ресей Елшісі Данияны ядролық қарумен қорқытты

0
33

mihail

22 наурыз. «Qamshy.kz» – Ресей Федерациясы өзінің «Ядролық қару» саясатымен қорқытуын тоқтатар емес. Бұл жолы Ресейдің Даниядағы елшісі Михаил Ванин «Jyllands Posten» баслымына берген сұхбатында айтқан.

«Егер Дания Республикасы НАТО-ның антиракеталық қоғаныс жүйесіне өтетін болса, РФ ядролық қару қолдануы мүмкін. Мен Дания РФ ядролық қаруының күшін, оның Данияға әкелетін зардабын әлі толық білмейді деп есептеймін. Дания Америка басқарып отырған НАТО-ның зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне көшетін болса, РФ өзінің ядролық қару саясатын қолдануы бек мүмкін. Қайталап айтым, ондай жағдайда Дат әскери кемелері Ресейдің ядролық зымырандарының нысаны болып кетуі мүмкін»,- деген Ресейлік елші Ванин.

Ваниннің айтуынша бұл Ресей Федерациясы мен Дания Республикасының қарым-қатынасына айтарлықтай кері әсерін тигізеді. «Бұл әрине, өздеріңіздің қалауларыңыз. Мен, тек НАТО-мен бірігу сіздер үшін үлкен шығын әрі мемлекеттік қауіпсіздіктеріңізден айырылатындарыңызды ескерткім келеді»,-деген дипломат сұхбатында. Ресейлік елшінің бұл мәлімдемесі Дат Республикасының бірқатар саясаткерлерінің наразылығын тудырған. Аталмыш мәлімдемеден соң Дания СІМ Мартин Лидегаард «Бұл істі ушықтырмау керек және білікті саясаткер әр сөзіне жауап беруі тиіс. Егер ешлі осы мәлімдемесі арқылы бізді қорқытып отырса, бұл тыныш жабыла салатын іс емес. Ол жауап беретін болады. НАТО-ның антиракеталық қорғаныс жүйесі әлемдегі ең мықты қорғаныс жүйесі екенін Ресей жақсы білдеі. Бұл Ресейге қарсы жасалынып отырған жоқ және біз шабуыл жасамаймыз. Тек қорғанамыз»,- деген түсініктеме берген.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз