Қытайда қазақстандық студенттер Наурызды атап өтті

0
441
2
Әз Наурызды Қытай астанасында білім алып жатқан қазақстандық студенттер де атап өтті. Жыл сайын Ұлыстың ұлы күнін жібермей, өз күштерімен түрлі мерекелік шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл Бейжіңде білім алып жатқан білекті де білімді қазақстандық студенттер. Мұнай газ саласынының болашақ мамандары. Мерекеге орай алдымен спорттық сайыстар өткізді. Алдымен арқан тарту, содан кейін қыз қуу. Жалпы Қытайда 11 мыңдай студент оқып жатса, оның 4000-нан астамы Бейжіңде білім алуда. Олардың арасында әнші, биші, өнерлі жерлестеріміз жетерлік. Сондықтан мерекелік концертті ұйымдастыруда еш қиын болған жоқ. Бәрі де бір кісідей ат саласып әз Наурызды мәз-мейрам болып атап өтті. Айдарбек Саламат, Қытай мұнай-газ университетінің студенті: – Өзіміз жақында демалыстан келіп, өзімізбен бірге қазы-қарта, жал-жая, құрт, ірімшік, балқаймағымызды ала келіп әр қазақ баласы болып бәріміз бас қосып осы Наурыз мерекесін жоғары деңгейде атап өтейік деп ат салысып жатырмыз. Ал қыздар жағы Наурыз көже мен бауырсақ пісіруді өз мойындарына алды. Барынша мол дайындапты. Жиналған жұрт тойғанша ішті. Өткен кеткен қытайлар да дәмнен ауыз тиді. Айсұлу Орынбасарова, Қытай мұнай-газ университетінің студенті: – Біздер қазақ қыздары болып Наурыз көже және бауырсақ жасауға келістік. Кеше түні бойы бауырсақ жасап, бүгін күндіз көже жасадық. Өйткені Наурыз көже қазақтың дәмі барлығы дәм татсын деп жасадық. Наурыз құтты болсын! Айтпақшы, Наурыз мерекесін атап өтетін өзге де елдердің студенттерімен салыстырғанда тек қазақстандықтар жастар белсенділік танытатынын айта кетейік. Ауыз біршілігі жоғары жерлестеріміз әрі бірнеше күн Ұлыстың ұлы күнін тойлайды. Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55252-atap-tti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз