Гоада жергілікті балаларды құтқармақ болған қазақстандық қаза тапты

0
357

 

«Экспресс-К» республикалық басылымының бас директоры 57 жастағы Алексей Пан дүниеден өтті.

Гоада жергілікті балаларды құтқармақ болған қазақстандық қаза тапты
Алексей Пан

Басылымның бас директорының орынбасары Әділхан Нүсіповтің айтуынша, қайғылы оқиға Үндістандағы Гоа курорттық аймағында болған. Марқұмның жұбайы хабарлағандай, Алексей толқынның астында қалған жергілікті балаларды құтқармақ болған. Ол балаларды жағаға алып шығып үлгерген.

Бірақ оқиғадан кейін қатты толқыған қазақстандықтың жүрегі тоқтап қалған. Жуырда оның денесі отанына жеткізіледі деп күтілуде. Марқұммен қоштасу рәсімі Алматыда, болжаммен 26-27 наурызда өтеді.

Алексей Пан ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. «Огни Алатау» газетінің тілшісі қызметін атқарған, «Караван» газетіндегі жарнамалық қызметті, «Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығында» қоғаммен байланыс департаментін басқарған.

2008 жылы «Экспресс-К» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас директоры қызметіне тағайындалды.

Алексей Пан – Қазақстанның құрметті журналисі.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз