Головкин Чавесті өзімен әзілдей бермеуге шақырды

0
402

 

Геннадий Головкинді нокаутпен ұтамын деп мәлімдеген мексикалық кәсіпқой боксшы Хулио Сезар Чавестің сөзін қазақстандық боксшы әзілге балады.

Головкин Чавесті өзімен әзілдей бермеуге шақырды

Геннадий Головкин британиялық Мартин Мюррейді нокаутпен ұтқаннан кейін «Мен Головкинді нокаутпен ұтамын. Оның ауыр соққысы болмаса, алып бара жатқан техникасы жоқ. Тіпті, бұл жекпе-жекке өз гонорарымнан 1 млн доллар тігуге әзірмін» – деп жазыпты Чавес өзінің Твиттердегі жеке парақшасында.

Бұған Головкин былай деп жауап қатқан: «Әрине, Чавес мұны әзілдеп айтты деп ойлаймын. Твиттерде бұл жазба тез таралып кеткенін білемін. Егер де ол әзілдеместен, менімен шын кездескісі келетін болса, ресми түрде әрекетке көшуі тиіс».

Айта кету керек, Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамырда Инглвудтағы (Калифорния штаты, АҚШ) 17 мың орындық The Forum аренада өтеді. Оның қарсыласы 28 жастағы америкалық боксшы Вилли Монро.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз