Меруерт Түсіпбаева өзіне сын айтқан Тоқтар Серіковті тілдеді

0
80

 

Еліміздегі арналардың бірінде музыкалық тележоба түсіріліп жатыр. Сол жобаға қатысқан әнші Меруерт Түсіпбаева төреші болған Тоқтар Серіковпен сөзге келіп қалған көрінеді деп жазады comode.kz.

Меруерт Түсіпбаева өзіне сын айтқан Тоқтар Серіковті тілдеді
Жақында Меруерт әлеуметтік желісіндегі парақшасына Тоқтар Серіковке қарсы пікір қалдырды. Оның жазғанына қарағанда, Тоқтар мырза дода барысында Меруертке біраз сын айтқан сияқты.

Алайда, актерлік шеберлігі жоқ, өнерден гөрі, мал шаруашылығына ден қойған Тоқтардың бұлай айтуы артықшылық деп, ренжігін жұлдыз ашуға булыққан секілді.

Тіпті сол жерде Меруерт ханым сынды қабылдай алмайтынын, әділетсіздік орын алғанын төрешілерге жеткізгенге ұқсайды. Дегенмен, оқырмандардың көпшілігі Меруерттің әрекетін құп көрмеді. Өйткені Тоқтар да өнерде жүрген майталмандардың бірі екенін барлығы жақсы біледі.

Артынша бірнеше минут өткен соң, менің парақшамды біреулер бұзды деп интернетке жолдады. Дегенмен, Меруерт сабасына түсіп осылай артын жуып шаймақшы болды ма, жоқ шынымен әлде кімдер ұрлыққа түсіп әншіні әдейі масқаралағысы келді ме, ол жағы белгісіз.

Источник: NUR.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз