Жұлдыздар туралы қаңқу сөз шығаратын кімдер?

0
98

 

Шоу-бизнес жұлдыздарының қайсысы қаңқу сөзге жиі ілігеді? Алып қашпа әңгімелер қайдан шығады? Олар кімге керек?

Ринат Зайытовты «өлтіріп», Бағдат Сәмединованың «біреуі» бар деп әңгіме шығаратындарға өнер адамдарының айтар сөзі қандай?

Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева тағы да сыпсың сөзге ілікті. Бұл жолы әлдекімдер оның шашына тиісе бастапты. Өзі жайлы еститін жел сөздермен Меруерт өмір бойы күресіп келеді. Алайда уақыт өте келе актрисаның бұған да еті үйренген.

Алайда кейбір адамдар олай ойламайды екен. Соның кесірінен Меруерттің соңынан жағымсыз әңгімелер ереді. Бүгінде сыртынан айтылатын әңгімелерге көңіл бөлмеуге тырысып, өзін төзімді әншілердің қатарына енгізген Меруерт ханым оны сөгетіндерге кеңес берді.

Айтпақшы актриса қазір қаламгерлік қабілетін сынап жүр. Ол алдағы болашақта «Менің ер азаматтарым» деген кітап жазу үстінде.

Алайда халық тағы да шу ете қалды. Себебі, кітап Меруерттің өмірінде болған жігіттер жайында деп ойлапты.

Алайда туынды Меруерт үшін маңызды азаматтар яғни, әкесі, ұлы, інісі жайында жазылмақ. Және бір тармағын бұрынғы күйеуіне арнауды жоспарлап отыр. Сондықтан кітап оның махаббаттары жайында деу тағы да сыпсың сөз болар.

Ал Бағдат Сәмединова соңғы кездері өзі жайлы әңгіме естіп жүр. Ондай әңгіме таратушыларға әнші бір-ақ сөз айтады.

Халықтың аңызына кезінде ақын Ринат Зайытов та ілінді. Ринатты атып кетіпті, ол қайтыс болыпты деген әңгімелер желдей ескен. Бұл әңгіменің халыққа жылдам таралғаны соншалық, тіпті ақынның ата-анасы да ақырында бұл сөзге сеніп қалған.

Ал кезінде түрлі жалған әңгіменің астында қалғанмын деген Нұрлан Албан өзі жайында жағымсыз әңгіме естісе жүйкесі тозады екен.

Сәкен Майғазиев өзі жайында ешқандай қыңыр сөз естімеген әнші соған қарағанда қызықсыз әншімін-ау деп қалжыңдады.

Көбіне жалған сөздер «Музартқа» қатысты айтылады дейді. Сәкен Майғазиевтің бізге айтқан мына сөзі шын. Әріптесі әрі досы Мейрамбек Бесбаевтың отбасы қуанышты бір күнді асыға күтіп жүр.  Бәрінен де қуанышты хабарды Мейрамбек мырзаның тұңғышы Кәусар күтіп жүр екен.

Источник: 31 канал

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз