АҚШ-та жалаңаш жүруді әдетке айналдырған тұрғын көршілердің ашуына тиді

0
49

 

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының тұрғыны 10 жылдан бері көршісінің көз алдында тыр жалаңаш көлбеңдеп қоймағанын айтып шағым түсірген деп хабарлайды 24kz.

АҚШ-та жалаңаш жүруді әдетке айналдырған тұрғын көршілердің ашуына тиді

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатына қарасты Шарлотт қаласының қос тұрғыны 10 жылдан бері ортақ тіл табыса алмай келеді. Көршілердің біреуі аптасына бірнеше рет үйінің кіреберісінде тырдай шешініп жүруді әдетке айналдырыпты.

Шағымданушы тараптың айтуынша, үстінде іліп алар киімі жоқ ер адам табалдырықта арлы-бері ойқастап, тіпті ұзақ уақыт телефон тұтқасына жабысып жүруді үйреншікті дағды қылып алған.

Көзге оттай басылатын көршінің мұндай ерсі қылығынан сескенген ата-аналар ол жоқ кезде ғана қыздарын үйден шығаруға көшкен.

Ал жергілікті полиция тіпті бұл мекенжайды жатқа білетін көрінеді. Себебі тәртіп сақшыларына қанша рет арыз түскенімен, оқиға орнына жеткен полиция есік алдынан кері қайтуға мәжбүр.

Штат заңына сәйкес, өз ауласында жалаңаш жүрген адамның әрекеті ешқандай тәртіп бұзушылыққа жатпайды. Егер дәл осы жағдай қоғамдық орындарда қайталанса, онда айып басқаша.

Ал ашынған көршілер болса қайкен күнде де заңды өзгертпейінше, алған беттерінен қайтпайтынын айтып отыр.

Источник: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз