Жан-Клод Ван Даммның әйелі ажырасу туралы арыз берді

0
106
Глэдис Португез Ван Варенберг (Gladys Portugues Van Varenberg) өткен сәрсенбіде Лос-Анджелес сотына күйеуімен ажырасу туралы арыз берді. Бұл туралы People басылымы жария етті. Бұрынғы кәсіби бодибилдер әйел Жан-Клод Ван Даммен екеуара бітіспес келіспеушіліктер болғандықтан осы қадамға барғандығын айтады. «Жұбайлар 7 наурыздан бері бірге тұрып жатқан жоқ», – деп хабарлайды таблоид. Әзірге олардың ешбірі де осы жәйтке қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Жан-Клод Ван Дамм мен Глэдис Португездің екі баласы бар. Олардың үлкені – 27 жастағы Кристофер және оның 24 жастағы қарындасы Бьянка. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55164-zhan-klod-van-dammny-jeli-azhyrasu-turaly-aryz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз