Аламан айтыстың бас жүлдесін Біржан Байтуов жеңіп алды

0
45

 

Республикалық аламан айтыста Біржан Байтуов бас жүлде иемденді. Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлыстың ұлы күніне арналған республикалық Наурыз айтысы өтті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Аламан айтыстың бас жүлдесін Біржан Байтуов жеңіп алды

Наурыз айтысы алғаш рет 2004 жылы ұйымдастырылған болатын. Содан бері бұл жыр додасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жолғы аламан айтысқа Бекарыс Шойбеков, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Мұхтар Ниязов, Біржан Байтуов, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Қанат Мырзахан, Қажымұқан Абзалов, Нұрлан Есенқұлов және т.б елімізге белгілі ақындар қатысты.

Жыр додасына белгілі жазушы-журналист Мархабат Байғұт төрағалық етті. Әділқазылардың ортақ шешімі бойынша бас жүлдеге Біржан Байтуов лайық деп табылды. Шымкенттік ақынға 1 млн 500 теңгенің сертификаты тапсырылды.

Жүлделі 1-орын — Сара Тоқтамысоваға (1 млн теңге), 2-орын — А.Жаппарқұловаға (750 мың теңге) ал 3-орын Әсем Ережеқызына (500 мың теңге) бұйырды.

Айтысқа қатысқан басқа да ақындарға арнайы жүлделер мен сыйақылар табысталды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз