Қазақстандық жас өнерпаздар Австрия халқын тәнті етті

0
83
Еліміздің жас өнерпаздары Австрияда концерт берді. Пианиношы Сергей Ким мен скрипкашы Жұлдыз Құсайынова Фредерик Шопен, Хенрик Виенявский, Евгений Брусиловскийдің әуендерін әуелетіп, сондай-ақ Әділжан Толықбаев, Нағима Мендіғалиева мен Мансұр Сағатовтардың туындыларын тарту етті. Әртүрлі мемлекеттердің дипломаты, Австрияның мәдениет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен бизнесмендер концертті көруге арнайы келді. Жас дарындардың кеші Қазақстанның елшілігі мен қазақ-австрия бірлескен компанияларының қолдауымен ұйымдастырылды. Бүкіл әлемге талантты композиторларымен танымал Еуропа өз төрінде жас дарындарды ыстық ықыласпен қарсы алды. Андреа Фюрнвегер, кәсіпкер: – Шуақты көктемнің шырайлы мерекесінде осындай тамаша концертке шақырушыларға алғыс білдіремін. Бәрі де керемет болды. Музыканы сүйемелдеуде сөз жоқ. Жас өнерпаздардың талантына тәнті болдым. Концерт көңілімнен шықты. Индира Өтеуова, концертті ұйымдастырушы: – Бүгінгі концерт – Қазақстан маржандары жобасы аясында өтіп отырған алғашқы шара. Келесі концертті 26 мамырда өткізу жоспарда бар. Ол кезде де Аида Аюпова бастаған музыканттар келеді.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55299-t-nti-etti

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз