Ли Куан Ю қайтыс болды

0
414
4
Сингапурдың тұңғыш премьер-министрі Ли Куан Ю дүниеден озды. Әлемге танымал саясаткердің қазасына орай, оның ұлы, қазіргі үкімет басшысы Ли Сянь Лун Сингапурда бүгіннен бастап 29 наурызға дейін жалпыұлттық қаралы күндер деп жариялады. Экс-премьермен қоштасу шаралары 25-28 наурыз аралығында парламент ғимаратында өтеді. Ал жерлеу рәсімі 29 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-ге белгіленген. Естеріңізге сала кетейік, Ли Куан Ю – 1959 жылы тәуелсіздігін алған Сингапур Республикасының тұңғыш премьер-министрі. Ол елді 31 жыл басқарды. Ли Куан Ю – артта қалған шағын мемлекетті экономикалық жағынан қарыштап дамыған қуатты елге айналдырған ірі тұлға.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55323-li-kuan-yu-ajtys-boldy

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз