Мысырда болған автобус апаты 35 адамның өмірін жалмады

0
494
5
Мысыр астанасы Каирдың маңында жолаушылар автобусы көпірден суға құлап, 35 адам қаза тапты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, көлікте жеке құрылыс компаниясының жұмысшылары болған. Жергілікті полицейлер автобуста бұдан да көп адам болуы мүмкін деп отыр. Кейбір ақпарат көздері 56 адамның болғанын хабарлапты. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз. Алдын ала болжамға сай, жүргізуші жоғарғы жылдамдықта келе жатып, жолдан ұшып кеткен.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55319-halmady

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз