Семей қаласында неге екені белгісіз, көпқабатты үйлердің балконына көк байрағымыз бейнеленген баннерлер іліне бастады деп хабарлайды 7 арна.
Тұрғындар бұған түсінбей аң-таң. Ал жергілікті билік мұндай баннерлердің санын тағы да арттыруды жоспарлап отыр екен.
Билік басындағылар осылайша, қала тұрғындарының рәміздерге деген құрметін арттырмақ болып отыр.
Ішкі саясат бөлімі мамандарының айтуынша, «бұл қорлау емес, керсінше құрмет» екен.
«Әкімдік жанынан жұмыс тобы құрылған. Сол жұмыс тобымен бірге келісілген шаруа. Бұған жұмсалған қаражат көлемі әзірге есептеліп жатыр», – дейді Семей қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев.