Ханзада Уильямның үйлену тойында ұсынылған ас мәзірі жария етілді

0
79
Букингем сарайына жиналған 300 қонаққа берілген тағамдар тізімінің суреті Корольдіктің Колчестер қаласында өтетін аукционда сатылмақ. Мәзірге сәйкес, монархтар меймандарына тіскебасар ретінде маринадталған арқан балық пен теңіз шаяндарын ұсынған. Ал виндзор тұздығы қосылған қой еті көктемгі көкөністермен және картоппен беріліп, оның соңынан тоқбасарға бал қосылған балмұздақ, шоколад кәмпит немесе жеміс-жидек пен қаймақтан жасалған балмұздақ қойылыпты. Тағамдар тізімі аукционда 500 фунт стерлингтен бастап сатылатын болады. 2014 жылы Беверли-Хиллзде өткен бәссаудада осы монархтар тойының сарқыты саналатын бір бөлік торт 7500 АҚШ долларына өткен еді. Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/lemde/item/55337-khanzada-uilyamny-jlenu-tojynda

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз